Астана халқымыз үшін қасиетті саналатын негізгі құндылықтарды сақтаушы болып табылады - Н. Назарбаев

ң 6-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Астана халқымыз үшін қасиетті саналатын негізгі құндылықтарды сақтаушы болып табылады.
None
None

Бүгін елордадағы «Қазақ елі» монументінің алдында Астана күніне арналған салтанатты шарада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің мерекеміз Астананың бас алаңы - «Қазақ елі» монументінің жанында өтіп жатқанының символдық мәні бар. Бұл монументтің алдында Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік пен келісім сарайы салынды. Бұлар барлығы бірге қазіргі Қазақстанның үш маңызды құндылығын кейіптейді», - деді Н. Назарбаев.

 Осы орайда Елбасы бабаларымыз ғасырлар бойы қорғаштап, сақтаған қасиетті туған жерімізді «біздің бірінші құндылығымыз» деп атап көрсетті. Бұл жер жүзден астам этностарды құшақ жая қарсы алып, қазір олар тату-тәтті өмір сүріп жатыр. «Екінші құндылық - бұл Тәуелсіздігіміз бен біздің азаттығымыз. Бұлар бізге өз тағырымызды өзіміз шешуге және тарих алдына, өзіміздің алдымызда, бүкіл әлемнің алдында жауапты болуға құқық береді. Үшіншісі - бұл халықтың бірлігі, туған Отанымызды өркендету жолындағы бейбітшілік пен келісім», - деді Елбасы.  

 «Астана біздер үшін қасиетті саналатын осы құндылықтарды сақтаушы болып табылады. 11 жылдың ішінде біз иен далада жаңа қала тұрғызып, іс жүзінде мүмкін емес дүниелерді атқара  алдық.  Олай болса, біз кез келген қиын міндеттерді мойымай атқара аламыз. Біз барлығымыз бірге елордамызды бұдан да күшті етіп, гүлдендіре аламыз», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар