Астана халықаралық әуежайында қомақты ақшаны жариялауды «ұмытып кеткен» жолаушы ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Астана қаласындағы халықаралық әуежайда «Астана-Үрімші» бағытында КС-287 рейсіне жолаушыларды отырғызу кезінде шекарашылар Қазақстан азаматын ұстауға мәжбүр болды.
None
None

Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нақтырақ айтқанда, кедендік бақылаудан өткен отандасымыздың қолсөмкесінен жариялауды «ұмытып» кеткен 25300 АҚШ доллары мен 79000 теңгесі шыға келді.

Мемлекеттік шекара сызығының бойында қомақты ақшаны жариялауды «ұмытып» жүрген жолаушыға қатысты материалдарды шекарашылар Астана қаласының мемлекеттік кіріс департаментіне тапсырды.

Соңғы жаңалықтар