«Астана» Халықаралық қаржы орталығы криптовалюталарды да саудалайды - Келімбетов
![None None](/static/img/plug.webp)
«Былайша айтқанда, қазіргі ЭКСПО аймағы болашақта криптоаймаққа, «криптоайлаққа» айналады деген сенім бар. Өйткені әлем бойынша криптовалюталарға деген қызығушылық жоғары болып тұр. Шыны керек, бүгінде бір банктер осы санаттағы валюталарды белсенді енгізіп жатса, енді біреулер оған асықпай отыр. Мысалы, АҚШ пен Сингапур криптовалюталар нарығын күнделікті нарыққа теңестіруді көздейді. Швейцария осы бағытты қатты қолдап келеді. Жапония да кейбір криптовалюталарды қолдайды», - деді Келімбетов бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында.
Орталық басшысының айтуынша, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы өз жұмысын заман талабына сай жүргізуді көздейді. Сол себепті күнделікті инвестициялармен қатар жаңа қаржы теxнологияларға да баса назар аударылады.