«Астана» ХҚО-ның басқарушысы Қ.Келімбетов БАӘ-мен ынтымақты жолға қоюда

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Бүгін Дубайда «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов Дубай халықаралық қаржы орталығының (DIFC) губернаторы Исса Қазыммен кездесті.
None
None

Екі халықаралық қаржы орталығының басшылары өзара тиімді ынтымақтастықты арттырудың нақты шараларын белгіледі. Бұдан кейін Қ.Келімбетовтің Дубай билеушісі кеңсесінің бастығы, Дубайдың үкіметтік инвестициялар бойынша корпорациясының (Investment Corporation of Dubai - ICD) атқарушы директоры, Дубай ислам банкі директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Ибрагим аш-Шейбанимен екіжақты кездесуі болып өтті.

Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауында трансұлттық бірлестіктерге акцентпен жекеменшік инвестицияларды тарту маңыздылығын атап өтті. «Біз «күрделі» инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдай қалыптастыруымыз керек. Биылғы жылы исламдық қаржыландыру, приват-банкинг және қайта сақтандыру саласында аймақтық хабқа айналатын «Астана» Халықаралық қаржы орталығын құру шешімі қабылданды», - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысының аталған тапсырмаларын іске асыру мақсатында Қ.Келімбетов Біріккен Араб Әмірліктерінде іскерлік кездесулер жүргізіп жатыр. Аталған келіссөздер нәтижесі Әмірліктердің біздің еліміздегі «Астана» Халықаралық қаржы орталығын құруда инвестициялық және кеңестік қатысуы болуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар