Astana Hub құрылыс саласында 32 инновациялық жобаны іске асырып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM - Astana Hub арқылы құрылыс саласында 32 инновациялық жоба іске асырылып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты.

Astana Hub построил экосистему на $4,3 млрд за 7 лет
Фото: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

- Astana Hub арқылы құрылыс саласында 32 инновациялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Құрылысты басқару, сатып алу-сатуды автоматтандыру, объектілерді мониторингілеу, техниканы басқару және еңбекті қорғау үшін платформалар енгізіліп жатыр. Жобаларды іске асыру нәтижесінде 750 жұмыс орны құрылды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша қатысушылардың табысы 13 млрд теңге болды, - деді Жаслан Мәдиев.

Айта кетейік, үлескерлердің құқығын қорғауға және нарықтық үлестік құрылысты дамыту үшін заңнамалық өзгерістер қабылданған. Атап айтқанда, салынып жатқан тұрғын үй бойынша барлық мәміле «Қазтізілім» ақпараттық жүйесінде міндетті түрде тіркелетін болды және қолма-қол ақшасыз есеп-айырысуға ауыстырылды. Бұл туралы холдингтің басқарма төрағасының бірінші орынбасары Болат Айдапкелов айтты.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум