Astana Hub өзін-өзі қашан ақтайды
АСТАНА. KAZINFORM – Astana Hub алдағы 2-3 жылдың ішінде өзін-өзі толығымен ақтайды. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин айтты.
Үкімет отырысынан кейінгі брфингіде ол Astana Hub резиденттері үшін салықтық жеңілдіктер бар екенін айтты. Бұл жеңілдіктер елімізде ІТ саласының қарқынды дамуына септігін тигізіп отыр.
- Astana Hub-тың өзінің шығыстарына қатысты айтар болсақ, қазіргі уақытта біз бюджеттен қаржыландыруды біртіндеп қысқартамыз және Astana Hub өз аумағында орналасқан резиденттердің есебінен өзін-өзі ақтайтын деңгейге өтеді, - деді Ростислав Коняшкин.
Айта кетейік, соңғы жылдары елімізде IT-нарық кірістерінің күрт өсуі байқалды. Өткен жылы ол 2 трлн теңге болды деп болжанып отыр. IT-қызметтерінің экспорты да қарқынды дамып келеді. 2025 жылы 1 млрд долларға жетпек.
Astana Hub 7 жылда $4,3 млрд көлемінде экожүйе құрды.