Astana Hub технопаркі Инновациялық технологиялар паркімен біріктірілмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорын қайта ұйымдастыру іске асырылмақ. Үкіметтің тиісті қаулысының жобасы «Ашық» НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Заңы 11-бабының 1-тармағына, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңы 25-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 45-бабының 1-тармағына сәйкес ҚР Үкіметі қаулы етеді: «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры оған «Astana Hub» IT-стартаптардың халықаралық технопаркі» корпоративтік қорын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын», - делінген құжатта.

Сонымен қатар, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулы аясында тиісті іс-шараларды жүзеге асыратын болады.

Атап айтқанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Соңғы жаңалықтар