Астана ІІД көшеде полицейді тұтқындауға қатысты видеоға түсінік берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Ішкі істер департаментінде көшеде полицей формасындағы адамды тұтқындауға қатысты әлеуметтік желіде тараған видеоға түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана ІІД көшеде полицейді тұтқындауға қатысты видеоға түсінік берді

«Видеода елордадағы Алматы ауданы ІІБ полиция қызметкерлерімен құқықбұзушылық күдігі бойынша ҚР ішкі істер органдарындағы күзет бөлімшілерінің бірінің қызметкерін ұстау сәті түсірілген. Қазіргі кезде тексеру шаралары жүріп жатыр», - делінген ІІД баспасөз қызметінің мәліметінде.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желі пайдаланушысы азаматтық киімдегі екі ер азаматтың полицей формасындағы адаммен арадағы жанжалы түсірілген видеоны жариялады.