Астана ІІД өзінің бұрынғы әйелін өртеп жіберген ер адамды іздестіруді жалғастыруда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Полицейлер өзінің бұрынғы әйелін өртеп жіберуге күдікті ер адамды іздеуді жалғастыруда. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Астана ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова телефон арқылы хабарлады.
None
None

«Оның тұрғылықты жерін анықтау және ұстау жөніндегі жедел-іздестіру шаралары жалғастырылуда. Күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды», - деді ол ҚазАқпарат тілшісіне.

Еске сала кетейік, оқиға 26 мамырда Алтынсарин көшесіндегі тұрғын үйдің қасында болды. 1972 жылғы бұрынғы күйеуі Қанат Сәдуов мұғалім әйелге бензин құйып, оны өртеп жіберді. Әйел термиялық күйікпен аур ханаға түсіп, 30 мамырда қайтыс болды.

Полиция Қанат Сәдуовке халықаралық іздеу жариялап, оның тұрғылықты жері туралы ақпарат үшін сыйақы беруге уәде етті.

«Қанат Ғайсаұлы Сәдуов іздестірілуде, 1972 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысындағы Жамбыл ауданының тумасы», делінген полиция хабарламасындва.

Оның бойы 175-180 см, көзі қара, шашы қара, қысқа, денесі арықтау. Қара түсті болонь күртеше, бейсбол және қара түсті кросовка киген.

«Қандай да бір ақпарат болса, мына мекенжайға хабарлауды сұраймыз: индекс 010000, Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 19. Байланыс телефондары: 8 (7172) 71-60-22, 71-60-29, 71-60-10. Ұялы телефондар: +7 747 227 79 40, +7 771 100 32 32», - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Светлана Сәдуова астаналық №25 орта мектепте қазақ тілінің мұғалімі болып жұмыс жасады. Ол 41 жаста болатын. Артында төрт баласы қалды.

Соңғы жаңалықтар