Астана ІІД педофил күдіктіге қатысты толық мән-жайды баяндады

«Педофилдікке күдікті ер адам ұсталды. Осы оқиға аясында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,-деді ол. Оның сөзіне қарағанда, жәбірленген қыз ағасымен балалар ойнайтын алаңда жүрген. Сол уақытта аталған адам қызды алдау арқылы оны талдардың арасына алып барған. «Бізге хабар түскенде, қызметкерлерге осы адамның сипаттамасын бердік. Содан кейін қызметкерлеріміз дереу сол аумақты шолып шықты. Нәтижесінде, ағаштардың арасынан күдіктіні құрықтады»,-деді Б. Есенбай. Бұдан бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылдың 8 қыркүйегі ІІД Жедел басқару орталығының 102 қызметіне аулада ойнап жүрген кішкентай қыздың жоғалып кеткендігі жөнінде хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері ідестіру барысында бұталардың арасынан 2010 жылғы қыз балаға зорлық әрекетін көрсетпек болған ер адамды қолға түсірді. Анық болғандай, 32 жастағы күдікті осыған дейін ҚР ҚК «Қарақшылық» бабы бойынша сотталған. Аталған факт сотқа дейінгі тергеулерді бірыңғай тіркеуіне алынып, қылмыстық іс қозғалды.