Астана ІІД туркомпания қаржысын жымқырушыдан зардап шеккен адамдар болса хабарласуын сұрайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Ішкі істер департаменті 1983 жылғы Гүлшат Сәдуақасоваға қатысты сот алды тергеу жүргізуде, ол 2013-2014 жылдары жұмыс істеген кезінде туристік компанияның директоры бола тұрып, компанияның 31 756 347 теңге қаражатын иемденген. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Астана ІІД туркомпания қаржысын жымқырушыдан зардап шеккен адамдар болса хабарласуын сұрайды

Бұдан басқа, Г.Сәдуақасова «BARAKAT GM»  ЖК жұмыскері бола тұра, сенімді теріс пайдаланып, 2015 жылғы мамырдан бастап осы жылғы наурыз аралығында түрлі ішкі және халықаралық бағыт бойынша туристік қызметті көрсету және авиабилеттерді сату желеуімен елорда тұрғындарының ақшалай қаражатын қымқырған.

Осыған байланысты Астана қаласы ІІД Гүлшат Сәдуақасова әрекетінен зардап шеккендер мен тергеліп жатқан қылмыстық іс бойынша қандай да бір мән-жайды білетін тұлғалар болса мына мекенжайда орналасқан ІІД-ге:  Бейбітшілік көшесі, 19, каб. 338, не мына: 71-62-13, 71-60-10 (ІІД кезекші бөлімі), ұялы тел. 8-702-438-67-67 телефондар бойынша хабарласуын сұрайды.

Г.Сәдуақасова қазір қалалық ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды және Сарыарқа аудандық №2 соты оны тұтқындау жөнінде санкция берді.

Оның қылмыстық әрекеті екі баппен жіктелді - ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлімі (аса ірі көлемде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену), 190-бабының 4-бөлігі (аса ірі көлемдегі алаяқтық).