«Astana Invest-2015» VI халықаралық инвестициялық форумы жайлы жетекші араб БАҚ-тары хабар таратпақ

Бұл журналистер бүгін Әбу-Даби әмірлігінің Сауда-өнеркәсіп палатасының делегациясымен бірге Астанаға келеді. Сонымен қатар «Әбу-Даби» және «әл-Арабия» жаңалықтар телеарнасының журналистері «Astana Invest-2015» VI халықаралық инвестициялық форумы туралы хабар таратады.
Елші К.Лама Шәріп бүгінде Әмірлік Қазақстандағы жетекші инвесторлардың бірі екенін атап өтті. ҚР Ұлттық банкінің ақпаратынша, 2005 жылдан 2015 жылдың 1-ші тоқсанына дейінгі мерзімде БАӘ-інен Қазақстанға тартылған тікелей инвестициялардың жалпы сомасы 2 млрд. долларды құрайды. 2013 ж. 532 млн. АҚШ долл., 2014 ж. - 197,5 млн. доллар, 2015 жылдың 1-ші тоқсанында - 19,6 млн. доллар тартылды. Белсенді ықпалдастықтың мысалы ретінде Астанада «Әбу-Даби Плаза» көпсалалы кешенінің құрылысын, «Al Hilal Bank» ислам банкінің және қазақстандағы бірлескен «Фалах» инвестициялық қорының қызметін келтіруге болады. «Қорғас-Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағы мен «Ақтау» порты жобасын жүзеге асыру бойынша «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ мен DP World жаһандық порт операторы арасында ынтымақтастық сәтті дамып келеді. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы мен «DUBAI WORLD EXPO-2020» Жоғарғы комитеті арасында тығыз байланыс орнатылды. Қазақстандық дипломат Астанада өтетін қазақстандық-әмірлік бизнес-форумы елдеріміздің іскерлік қоғамдастығы арасындағы сенімді орнатып, байланысты нығайтуға септесетініне үміттенетінін айтты.