Астанада Италия мәдени орталығы ашылады

АСТАНА. KAZINFORM — Астана Италия мәдени орталығы ашылады. Бұл туралы Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Италия Президенті Серджо Маттарелла айтты.

Астана Италия мәдени орталығы ашылады
Фото: Ақорда

— Мәдени тұрғыда университеттер, жалпы білім саласында нақты ынтымақтастығымыз бар. Италия Астанада өзінің мәдени орталығын ашады. Шын мәнінде бұл Орталық Азия өңіріндегі мұндай алғашқы мәдени орталық болмақ. Осы орайда бізге қолдау білдіргеніңіз үшін ришалығымды білдіремін. Сонымен қатар елорда көшелерінің бірін Марко Полоның құрметіне орай атау бастамаңыз біздің өзара қарым-қатынасымызды жалғастыруға деген бейіліңізді білдіреді, — деді мәртебелі мейман. 

Италия Президенті екі елдің жоғары басшылығы арасындағы кездесу жиі өтетіндігін айтып, жүзбе-жүз кездесуі үшін ризашылығын білдірді. 

— Шындығында мен үшін сізбен сөйлесу өте құнды мүмкіндік. Сонымен қатар Премьер-министр Мелонидің сапары, өзіңіз басшылық басаған «Орталық Азия-Италия» кездесу жайында айтқаныңыз да аса маңызды. біз мұның бәрін жоғары бағалаймыз. Және де өзара қарым-қатынасымызды күшейте түсу үшін қосымша мүмкіндіктер бар деп ойлаймыз, — деді Серджо Маттарелла.

Айта кетейік, Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Италия Президенті Серджо Маттарелланы қарсы алды. 

Еске сала кетсек елорда көшелерінің біріне Марко Поло есімі беріледі

Соңғы жаңалықтар