Астана қалалық сотының ұжымы қарт майдангер Александр Торкинге құрмет көрсетті

Бүгінгі құрмет қан майданнан оралып, соғыстан кейінгі жылдарда сот саласында қызмет атқарған, өз халқының бақытты өмірін көріп келе жатқан ардагеріміз Александр Торкин жайында айтпақпыз. Біз мақтан тұтатын ардагерлеріміздің ардақтысы майдангер судья Александр Петрович Торкин. Александр Петрович соғыс басталған 1941 жылдың 7 қарашасында әскери шеруге қатысып, қан майданға аттанған. Берлинге басып кірген тұста, Рейхстагқа ту тіккен батырларымыздың ерлігін көрген, жеңісті алғашқылардың бірі болып қарсы алған майдангеріміз. Соғыс аяқталғаннан кейін туған елге аман-сау оралып, сот жүйесінде еңбек етіп, мемлекетіміздің өркендеуіне үлесін қосты.
Атап айтқанда, ҰОС ардагері Александр Петрович 97 жасқа толды. Ол 1919 жылы 29 сәуірде Пензен облысы Каменск ауданы Владыкино селосында көпбалалы жұмысшы отбасында дүниеге келген. 1935-1939 жылдары өзінің 20 жасқа толуына дейін екі арнайы білім алып, оқытушы болып жұмыс істеп үлгерген. 1939 жылдан 1945 жылғы тамыз аралығында Қарулы Күштер қатарында болды. Яғни 1941-45 жылдары Ұлы Отан соғысы жылдары Мәскеуден Кенигсбергке дейінгі майданнан өтті. 1945 жылдың қыркүйегінен ҚазКСР Әділет министрлігінде түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді, ал 1956-62 жылдары - Ақмола облыстық сотының төрағасы болды. Өз мансабының соңғы 20 жылында - «Целинэлектросетьстрой» тресті басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Александр Торкиннің әскери ерліктері мен еңбектегі жетістіктері мемлекет тарапынан жоғары бағаланды. Ол «Кенигсбергті алғаны үшін», «Польшаны азат еткені үшін», «Ерлігі үшін», «Мәскеудің қорғағаны үшін» медальдарымен, 1-ші және 2-ші деңгейлі «Ұлы Отан соғысының» екі орденімен, Қызыл Жұлдыз орденімен, ҚазКСР Әділет министрлігінің төс белгілерімен марапатталды. Александр Петровичтің Қазақстан Республикасы Судьялар одағының «Үш би» құрмет белгісімен марапатталғанын атап өткен жөн. Бұл марапат судьяның жоғары деңгейлі кәсібилігін сипаттайтын белгі болып табылады, сот төрелігін жүзеге асырудағы табыстары, көп жылдық еңбегі, мінсіз беделі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін беріледі.
«Ардагерлеріміздің қанымен зарықтырып жеткен бейбіт күннің қадірі біздер үшін тым қымбат. Біздің ендігі парызымыз бейбіт өмір үшін от кешкен ардақты ардагеріміздің ерлігіне құрмет көрсету»,-дейді судьялар.
Өз кезегінде соғыс ардагері судьялар корпусына қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, олардың еңбектеріне табыс тіледі.