Астана қаласы әкімінің орынбасары Н. Әлиев Әбу-Даби СӨП вице-президентімен кездесу өткізді

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - 2016 жылғы 3 ақпанда ҚР СІМ кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды іске асыру бойынша нақты шаралар қабылдау аясында БАӘ-дегі Қазақстан Елшісі мен Дубайдағы Бас Консулдық Әмірлікте төрт бизнес-форум өткізуді жоспарлап отыр.
None
None

Іскерлік аптаны жұмысын сәрсенбі БАӘ астанасында бастаған «БАӘ және Қазақстан: қарсы қозғалу» екінші қазақстандық-әмірлік бизнес-форумы ашты. Шараны Әбу-Даби сауда-өнеркәсіптік палатасы мен Астана қаласының әкімдігі ұйымдастырған.

Форумның ашылуында Астана қаласы әкімінің орынбасары Н. Әлиев пен Әбу-Даби СӨП бірінші вице-президенті Ибрахим әл-Махмуд сөз сөйледі.

Белгілі болғандай, алғашқы қазақстандық-әмірлік бизнес-форум Астанада 2015 жылғы 28 қазанда БАӘ-дегі ҚР Елшілігінің бастамасымен өткен. Бұл форумда Әмірлік тарапы Әбу-Даби СӨП төрағасы, «Arabtec» құрылыс компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед ар-Румейсидің басшылығымен бизнес-қоғамдастық өкілдерінен құралған делегациямен қатысқан. Сондай-ақ Астанаға Әбу-Даби СӨП, Аджман, Фуджейра, БАӘ Бизнесмен әйелдер кеңесі, Aldar Properties», «Trillion General Trading», «Zahira», «Agthia», «Emirates Post», «Mawasim Holidays» компаниялары және Әмірліктің бірқатар жетекші БАҚ өкілдері келді. Форумда қазақстандық-әмірлік кәсіпкерлері тәжірибемен, бизнес-идеялармен алмасып, өзара тиімді ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылады. Бағдарлама аясында БАӘ делегациясы Астана Индустриалдық парк нысандарына барып, «AstanaInvest - 2015» VI халықаралық инвестициялық форумының жұмысына қатысты.

«Экономикалық дипломатия» акценті жаһандық турбуленттілік жағдайында Қазақстанның индустриалдық-инновациялық жобаларына араб инвестициясын тартуға, екі мемлекеттер арасында сауда байланыстарын кеңейтуге жасалады.

Енді Әбу-Дабиде қазақстандық кәсіпкерлерде Қазақстанда нақты бизнес-жобаларды бірлесіп іске асыру үшін әлеуетті әмірлік инвесторларымен тікелей іскерлік байланыс орнату мүмкіндігі бар.

Соңғы жаңалықтар