09:45, 25 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Астана қаласы азық-түлік белдеуін іске асыруға орай 12 нысан пайдалануға берілді
КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жедел мәліметі бойынша Астана қаласының азық-түлік белдеуін іске асыру мақсатында жыл ішінде жалпы сомасы 7 миллиард теңгені құрайтын 12 нысан пайдалануға беріліп отыр.
Қазірдің өзінде Сандықтаудан сұйық май, Көкшетаудан сүт, Зерендіден ет, Степногор қаласынан көкөніс, Еңбекшілдер, Бурабайдан, Целиноград аудандарынан құс еті мен жұмыртқа, Көкшетаудан ұн жөнелту шешімін тапқан. Оның сыртында Ақкөл, Ерейментау, Қорғалжын аудандарында мал бордақылау алаңдары өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз етпек. Жалпы жыл басынан бері Астана тұтынушыларына өңір ауыл шаруашылығы өндірісшілері 40,3 тонна сүт, 11,6 мың тонна ет, 71,6 миллион дана жұмыртқа жөнелткен.