Астана қаласы бойынша Қаржы полициясы департаментімен авторлық және сабақтастық құқықтарды бұзу фактілері бойынша 28 қылмыстық іс қозғалып, сотқа жіберілді

None
None
АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат. Ағымдағы жылдың 10 айында Астана қаласы бойынша Қаржы полициясы департаментімен авторлық және сабақтастық құқықтарды бұзу фактілері бойынша 28 қылмыстық іс қозғалып, сотқа жіберілді, деп хабарлайды Астана қаласы бойынша ЭСЖҚД (қаржы полициясы) баспасөз қызметі.

Олар бойынша келтірілген залал соммасы 10 млн. теңгеден асады.

Қаржы полициясы органдарының жедел-тергеу тәжірибесі көрсеткендей, дискке жазылған аудио-видео өнімдері авторлық және сабақтастық құқықтарды бұзудың негізгі объектісі болып отыр. Қылмыстық істердің көпшілігі осындай заңсыз өнімдерді дайындау және сату мақсатында сақтау бойынша қозғалған.

Департамент қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде азамат Юлдашев ұйымдастырған контрафактілік өнім дайындайтын жасырын цех анықталды.

Жасырын цехты қарау кезінде құны 8 млн.теңгеден асатын лицензиясыз жазылған 20 мыңнан аса дайын дискілер, арнайы бағдарламалары бар 7 компьютер, дискілерге арналған 1600 «бокс», 23 бөтелке бояулар, сканер және басқа да құралдар табылды.

Құқық иесі болып табылатын «КАЗАСП» ЗТБ-не 8,9 млн.теңгеден аса зиян келтірілген.

Астана қаласының Алматы аудандық №2 сотының үкімімен Юлдашев ҚР ҚК 184-бабының 3-бөлігі «в» тармағы (зияткерлік меншік құқықтарын бұзу) бойынша кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеумен 2 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

2011 жылғы 1 желтоқсанда «Астана-Эко Полигон» ЖШС (Свердлова к. 2) жерінде Астана қаласы бойынша Қаржы полициясы департаменті заңсыз айналымнан алынған контрафактілік өнімді жою бойынша көрнекті акциясын жүргізді (CD и DVD дискілері). Жалпы соммасы 8,9 млн. теңге болатын 20 мың контрафактілік дискілер тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауытының аумағында трактормен басылып жойылған.

Соңғы жаңалықтар