Астана қаласы бойынша шағын және орта бизнесті дамытуға биылғы жылы барлығы 600 миллион теңге бөлінбек

АСТАНА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Шілденің 15-і мен 16-ы күндері «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде өтетін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күніне «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы тыңғылықты дайындалған. Аталмыш шара аясында біз еліміздегі 6 банк өкілдерімен кездесуді жоспарлап отырмыз», деді партияның Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мұхтар Еркетаев. Бұл туралы ол бүгін аталмыш мәселеге байланысты өткен брифингте мәлім етті.
None
None

Оның сөзіне қарағанда, биылғы жылы Астана қаласы бойынша шағын және орта бизнесті дамыту үшін 600 миллион теңге бөлінеді. Ал бұл мақсатқа республика бойынша бөлінетін қаржы көлемі 30 миллиардты құрайды. «Соған қарамастан елорда бойынша маңызды дейтін жобалар өте аз. Қазіргі таңда арнайы комиссия қарауында небәрі 20 жоба жатыр. Мұндай жағдай, әрине біздің алаңдаушылығымызды тудыруда. Мұның басты себебі - елде бизнесті дамыту шараларына байланысты ақпараттар әлі де болса тиісті жеріне жетпей жатыр. Алда әлі жарты жыл уақыт бар. Бірақ бұл арқаны кеңге салуға болады дегенді білдірмесе керек. Біз жарты жыл уақыт ішінде комиссияға келіп түсетін барлық жобаларды қарап үлгеруіміз қажет. Осыған байланысты алда өтетін акция кезінде қоғамдық қабылдау бөлмесіне Астана қаласы әкімінің орынбасары, «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары мен алдында атап өткен банктер мен даму банктерінің өкілдері қатысады», деді М.Еркетаев.

"Қазіргі таңда қаладағы аудан әкімдері мен олардың орынбасарларымен тиісті кеңестер жүргізілді. Баспасөз құралдарында да ақпараттар кеңінен жариялануда", - деді М.Еркетаев.

Соңғы жаңалықтар