Астана қаласында Сауд Арабиясы Корольдігі Елшілігінің нысандарын салу үшін жер телімдерін беру туралы Қазақстан мен Сауд Арабиясы үкіметтері арасында келісімге қол қойылды

АСТАНА. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат - Кеше, ақпанның 4-інде Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігінің үкіметтері арасында Астана қаласында Сауд Арабиясы Корольдігі Елшілігінің нысандарын салу үшін жер телімдерін беру туралы келісімге қол қойылды.
None
None
Құжатқа қазақстан тарапынан ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Н.Ермекбаев, ал сауд тарапынан осы елдің Қазақстандағы Елшісі Хишам Абдел Зараа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат сыртқы саясат ведомствосына сілтеме жасап. 2004 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігі мен Эр-Рияд қаласының Даму жөніндегі комиссиясы арасында ҚР Елшілігі нысандарының құрылысы үшін Эр-Рияд қаласының Дипломатиялық кварталында жер учаскесін пайдалану туралы келісімге қол қойылған болатын.Тепе-теңдік негізде қазақстан тарапы Сауд Арабиясы Корольдігіне Астана қаласында жер учаскесін бөледі.Келісімнің бекітілуі тараптардың стратегиялық әріптестік сипатындағы екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға ұмтылысын айқындайды және екі мемлекеттің өзара мүдделеріне сай келеді.
Соңғы жаңалықтар