17:32, 13 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Астана қаласында ҰҚШҰ мүше-мемлекеттерінің заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі бірлескен жұмыс жоспарларын талқылайды
МӘСКЕУ. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Астанада қыркүйектің 15-інде Заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі ҰҚШҰ мүше-мемлекеттерінің құзіретті органдары басшылары үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өткізіледі.

Ұйым хатшылығының баспасөз қызметі хабарлағандай, отырыс барысында заңсыз көші-қонға қарсы күрес мәселелері, адам саудасы, «Келімсек-2010» операциясының бірінші сатысының нәтижелері және операцияның екінші сатысын өткізу кезіндегі ҰҚШҰ мүше-мемлекеттерінің құзіретті органдарының міндеттері талқыға салынады.
ҰҚШҰ мүше-мемлекеттері құзіретті органдарының басшылары 2012 жылға дейінгі мерзімге арналған үшінші елдердің азаматтарының заңсыз миграциясының алдын алудың ұжымдық жүйесін құру жөніндегі ҰҚШҰ мүше-мемлекеттерінің әрекет Жоспарының орындалу барысын және адам саудасына қарсы күресте құзіретті органдардың өзара тиімді қарым-қатынастарын бекітуге бағытталған шараларын да талқыламақ.