Астана қаласының ІІД арнайы батальонының қызметкері жол апатынан көз жұмды

АСТАНА. 22 шілде.ҚазАқпарат - Астана қаласының ІІД арнайы батальонының қызметкері жол апатынан қаза болды.

Астана қаласының ІІД арнайы батальонының қызметкері жол апатынан көз жұмды

Ақмола облысының ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 21 шілде күні Михайловка ауылынан Арнасай елді мекеніне қарай бара жатқан «Митцубиси Паджеро Спорт» маркалы автокөлік аударылып кеткен. Автокөліктің салонында үш адам болған.

21 шілде күні Аршалы аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне Михайловка ауылының маңында болған қайғылы оқиғаның салдарынан Астана қаласының тұрғыны 1978 жылы туған ер адам қаза тапты деген хабар түскен.

«Жол апатының салдарынан оқиға орнында ауыр жарақаттанған Астана қаласының ІІД арнайы батальонының 35 жастағы қызметкері көз жұмды. Тағы бір жолаушы мен автокөлік жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен Аршалы аудандық ауруханасына жеткізілді», - делінген баспасөз хабарламасында.