Астана қаласының жетім балалары мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтерлерге ие болды

СТАНА. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Астана қаласының жетім балалары соңғы 25 жылда алғаш рет мемлекеттік қордан баспанаға ие болды.
None
None

Пәтерлер қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов жасақтаған сызба бойынша берілді. Бұл мәселе 2010 жылдың ақпан айында қала басшысының халықпен болған кездесуінде көтерілгеннен кейін қолға алына бастады.

Бүгін Интернациональный кентіндегі көпқабатты тұрғын үйден берілген 18 пәтердің кілттері жетім балаларға салтанатты түрде табыс етілді. Баспаналар балаларға тұрғын үй кезегінде тіркелген реттік нөмірі бойынша берілді. Олар бір пәтерге екі адамнан немесе отбастарымен орналастырылды.

Пәтерлер жалға беріліп отыр. Әр шаршы метр үшін төлемақы 200 теңгені құрайды. Оның сыртында коммуналдық қызметтер бар.

Балалар мемлекеттік тұрғын үй қорынан тиісті баспаналарын алғаннан кейін арендалық петерлерді босатады да, олардың орнына тұрғын жайға мұқтаж басқалары қоныстандырылады.

Жетім балаларды қуаныштарымен құттықтаған қалалық мәслихаттың хатшысы Владимир Редкокашин, қалада жетім балаларға мемлекеттік қордан соңғы 25 жылда алғаш рет пәтерлер бөлініп отырғандығын және жыл соңына дейін осы сызба бойынша тағы 30 пәтер берілетіндігін атап өтті.

Бүгінде Астана қалалық Тұрғын үй басқармасында баспана кезегінде балалар үйлерінің 710 тәрбиеленушісі мен олардың бұрынғы тәрбиеленушілері тіркелген. Айта кетейік, заң бойынша оларға 23 жасқа дейін мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер берілмесе, олар бұл кезектен шығарылады.

Соңғы жаңалықтар