«Астана» капитаны Ару «Тур де Франстың» жалпы есебінде 2-орынға көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» велокомандасының капитаны Ару Фабио «Тур де Франстың» тоғызыншы айналымынан кейін жалпы есепте екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Астана» капитаны Ару «Тур де Франстың» жалпы есебінде 2-орынға көтерілді

Велошабандоздар тоғызыншы кезеңде таулы маршрут бойынша 181.5 шақырымды еңсерді.

Мәреге бірінші болып колумбиялық «Cannondale-Drapac» командасының шабандозы Ригоберто Уран жетті, екінші болып «Sunweb» командасының өкілі француздық Варран Баргий келсе, үшінші  орынға «Sky» командасының мүшесі, жалпы есепте бірінші орында тұрған Кристофер Фрум орналасты.

«Астана» командасының үздік шабандозы Фабио Ару атанды, ол мәре сызығын бесінші болып кесіп өтті. Команданың қалған мүшелері тоғызыншы айналымды келесідей көрсеткішпен аяқтады: Якоб Фульсанг - алтыншы, Бақтияр Қожатаев - 41, Андрей Зейц - 45, Михаэль Вальгрен - 64, Дарио Катальдо - 89, Андрей Гривко - 112, Дмитрий Груздев - 133, Алексей Луценко - 181.

  

Жалпы есеп:

1. Кристофер Фрум (Ұлыбритания, «Sky») - 38:26:28

2. Фабио Ару (Италия, «Астана») - +0:18

3. Ромен Барде (Франция, AG2R) - +0:51