«Астана-Қаржы» Банкі АҚ-да кадрлық өзгерістер орын алды

АЛМАТЫ. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат - «Астана-Қаржы» Банкі АҚ акционерлерінің маусымның 16-сында қайта өткізіліп отырған кезектен тыс жалпы жиналысында кадрлық өзгерістер туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
None
None

Сөйтіп, банк акционерлерінің қайта өткізіліп отырған кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен «Астана-Қаржы» Банкі АҚ директорлар кеңесінің төрағасы А.Артышконың, директорлар кеңесінің мүшесі А.Савчуктың және тәуелсіз директор А.Мәмештің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

«Астана-Қаржы» Банкі АҚ директорлар кеңесінің төрағасы және банктің бас басқарушы директоры болып Е.Шәкібаев тағайындалды.

Банктің директорлар кеңесі төмендегідей болып бекітілді: А.Зүбаиров, А.Омарханов, Н.Самзаев, Р.Ошақбаев және Г.Исабаева (екеуі де тәуелсіз директорлар).

Маусымның 16-сынан бастап «Астана-Қаржы» Банкі АҚ басқарушысының төрағасы С.Терешкованың, ал маусымның 21-інен бастап - «Астана-Қаржы» Банкі АҚ басқарушы төрағасының орынбасары М.Горемыкиннің өкілеттіліктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Банктің жаңа басқарушы мүшелері сайланды. Басқарушының төрағасы болып Нұрбол Самзаев, орынбасарлары болып Ербол Шаймаханов пен Бағлан Мамытәлиев тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар