Астана қазіргі Қазақстанның даму символы болып табылады - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев

АСТАНА. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Астана қазіргі Қазақстанның даму символы болып табылады. Бүгін «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс ХІІ съезінде сөз сөйлеген партия Төрағасы, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай атап өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Өткен 10 жыл мемлекетіміз үшін серпіліс уақыты, Қазақстанның қарқынды даму кезеңі болды. Осы жылдар ішінде біз ең алдымен мемлекетті қалыптастыруға жұмыс істедік. Біз инфрақұрылымды дамыттық. Ал жаңа Астана салу посткеңестік кеңістікте ең ауқымды жоба болды. Астана ? қазіргі Қазақстанның даму символы. Біздің болашақ жетістігіміз бен сапалы жағдайымыздың көрінісі», деді Н. Назарбаев. Сонымен бірге бүгінгі басқосудың елордадағы жаңа Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқанын айтқан Елбасы мұндай 5 мың орындық Сарайдың өңірде жоқ екендігін атап өтті. «Астана еліміздің өсіп-өнгенінің, болашаққа қараған қадамының көрінісі екенін осыдан-ақ білуге болады», деді Н. Назарбаев.
Соңғы жаңалықтар