08:12, 25 Ақпан 2009 | GMT +5
                                        «Астана» командасының велошабандоздары көпкүндік екі жарыстың чемпиондары атанды
                                            АСТАНА.  Ақпанның   25-і.  ҚазАқпарат – «Астана» командасының велошабандозы  Альберто  Контадор     «Тур Алгарве» (Tour of Algarve)  көпкүндігінде ағымдағы маусымдағы   өзінің  бірінші     жеңісіне қол жеткізді. 
                                        
                                        
                                     
                                              
                                                     Атап айтқанда, Контадор  2009 жылғы  алғашқы    жеңісіне   Тавирдегі     жарыста ие болды,  деп хабарлайды  ҚазАқпарат. «Астаналық»    Леви  Лейфаймер     «Тур Калифорнии» (Amgen Tour of California)  жарысының чемпионы   атағын осымен  үшінші  рет   жеңіп алып  отыр.   9 күнге созылған   және  1 256 шақырымдық  (780 миль )     жарыста  Лейфаймер  Garmin-Slipstream командасының  велошабандозы  Дэвид   Забрискиден 36 секундқа,   Columbia командасының өкілі   Майкл  Роджерстен   45 минутқа озып келді. Енді екі   спортшы да «Париж-Ницца»  және Vuelta a Castilla y León  жарыстарына аттанады.