«Астана» Конференция лигасының топтық сатысына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Астана» командасы бүгін футболдан UEFA Конференция лигасы топтық сатысына жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Елордалық клуб сырт алаңда Албанияның «Партизани» клубымен қарымта ойын өткізді. Алғашқы кездесуде «Астана» 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

Алғашқы минуттан албаниялық футболшылар алға қарай ұмтылды. Екі ойынның нәтижесімен таразы басын теңестіруге ұмтылған еді. Нәтижесінде 25-минутта олардың қатарынан Арканж Бинтсука әуелете берілген допты баспен қақпаға енгізді.

Екінші кезеңнің бастапқы кезеңінде қазақстандық команда ойынды белсенді бастады. Бұл 46-минутта Марин Томасовтың таразы басын теңестіруге мүмкіндік туғызды.

Осылайша командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді. Екі ойынның нәтижесімен «Астана» Конференция лигасы топтық сатысына шықты.

Ал қостанайлық клуб Конференция лигасы плей-офф сатысында жарыс жолын аяқтады.

Айта кетсек, қазақстандық «Ордабасы» және «Ақтөбе» Конференция лигасы үшінші іріктеу сатысында жарыс жолынан шығып қалды.

UEFA Конференция лигасы топтық сатысының жеребесі 1 қыркүйекте Францияның Монако қаласында өткізіледі.


Соңғы жаңалықтар