Астана күні мерекесінде қалалық полиция қызметін күшейтілген тәртіпте атқарады

АСТАНА. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Елорда күні мерекесінде қалалық полиция өз қызметін күшейтілген тәртіпте атқарады.
None
None

Бұл туралы бүгін апталық брифингте Астана қалалық ІІД-нің Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Н. Ораздың сөзіне қарағанда, жеке құрамдағы 2 мыңнан астам қызметкер елорда көшелеріндегі қоғамдық тәртіпті сақтауға жұмылдырылады. Сондай-ақ Ішкі істер департаменті жақын орналасқан 4 облыстан қосымша 500 полиция қызметкерлерін тартуды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар