Астана күнін мерекелеуді талдықорғандықтар «Ел ордасы - Астана» бағдарламасымен бастады

ТАЛДЫҚОРҒАН. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Дүйсенбі күні Қазақстан астанасы күнін мерекелеуге Талдықорғанның орталық алаңына Алматы облысындағы барлық ұйымдар мен мекемелердің еңбек ұжымдары келді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара «Ел ордасы - Астана» бүлдіршіндер бағдарламасымен басталды. Қаланың ең талантты балалары  ән айтып, би биледі, ал  шымырлары - көпсайыс, күрес және каратэ секілді спорттық жарыстарда шеберліктерін шыңдады. Төменгі сынып оқушылары асфальтқа сурет салды.

Содан кейін орталық алаңға орнатылған экран арқылы жұртшылық елордадан Астана күні мерекесіне арналған тікелей трансляцияны тамашалады. Облыс әкімі Серік Үмбетов қалалықтар мен аймақ тұрғындарын ортақ мейраммен құттықтады.

Соңғы жаңалықтар