Астана күніне орай Ақтауда балабақша пайдалануға берілді

None
None
АҚТАУ. 4 шілде. ҚазАқпарат. -  Астана күніне орай бүгін Ақтау қаласындағы 7-шағынаудандағы № 22 балақшаның ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, бүлдіршіндер игілігіне тапсырылды.

Салтанатты шараға Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Рахат  Елтізаров, қалалық білім бөлімі бастығының орынбасары Сабиқа Құрманғазиева және ата-аналар мен балабақша қызметкерлері қатысты.

Алдымен бүлдіршіндер өлең оқып, ән айтып өз өнерлерін ортаға салды. Мұнан кейін балабақша ұжымы аз ғана уақыттың ішінде ғимаратты күрделі жөндеуден өткізіп, сапалы жұмыс жасаған «Маңғыстау сәулет құрылыс» ЖШС-ға алғысхат тапсырып, ризашылықтарын білдірді.

Соңғы үлгідегі безендірумен жасақталған балабақшаның әр бөлмесінде әсемдікке мән берілген. Ұлттық ою-өрнектермен безендірілген қазақша бөлме, өзін-өзі тану, ән-саз бөлмесінен бөлек, балабақшада жылыжай да бар. Мұнда балабақша қызметкерлері өдерне қажет өнімдерді отырғызбақ.

«Балапан» бағдарламасы аясында ашылған бұл балабақша 280 бүлдіршінге тәрбие беретін болады. Сондай-ақ, жылдың аяғына дейін қаламызда үш балабақша күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілмек. Қазіргі таңда балабақша кезегінде 8 000-ға жуық бала тұр. Өйткені бізде бала туу көрсеткіші жоғары. Осы қалыппен балабақшалар пайдалануға берілетін болса, бұл мәселе де алдағы уақытта шешімін табады», - дейді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Рахат Елтізаров.

Соңғы жаңалықтар
telegram