Астана күніне орай Оңтүстік Қазақстан облысында мектеп пен зауыт ашылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО-да Астана күніне орай мектеп пен зауыт ашылды.
None
None

Жаңаталап елді мекенінде 150 бала білім алатын мектеп қолдануға берілді. Салтанатты ашылуына аймақ басшысы Бейбіт Атамқұлов қатысты.  Және ол көкөністерді өңдеп, консервілейтін «Байтерек-4» ЖШС жаңа зауытын ашты. Кәсіпорынның күші 1,5 мың тонна көкөністі өңдеуге мүмкіндік береді. Жоба құны 115 миллион теңгені құрады, оның 55 миллион теңгесі кәсіпкердің өз қаражаты, ал 60 миллион теңгені кәсіпкер «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы алған. Өндірісті іске қосудың арқасында, 35 адам жұмыспен қамтылды.

Одан бөлек, Астана күні мен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай, Түлкібас ауданы толықтай газбен қамтамасыз етілді. Үш ауылдық округте көгілдір отын пайда болды. Келтемашат ауылдық округінің Дәубаба-1, Дәубаба-2 және Төрткүл ауылдарында облыс басшысы 94 жастағы жергілікті тұрғынмен бірге алау жақты. Кейін Сұлтан Кенжебековпен бірге бүгінгі мерекені ақ  дастархан басында тойлады.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, үш ауылда 1500 адам өмір сүреді. Газ құбырының ұзындығы 34,27 шақырым, оның құрылысы 2015 жылы басталған болатын және оған облыстық бюджеттен 2014 миллион теңге қаржы бөлінген. 

Соңғы жаңалықтар