Астана күніне орай Шымкентте велошеру өтті

КЕНТ. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Астана күнін шымкенттіктер спорттық фестивальмен атап өтуде. 
None
None

Ол велошерумен басталып, оған жүзден астам спортшылар қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл шара Д.Қонаев атындағы көшеден бастау алды. Кәсіби спортшыларға шымкенттік  балалар мен қыздар  - аула клубтарының тәрбиеленушілері де қосылды. Ұлттық жалаулармен безендірілген  спортшылар колоннасы орталық көшелермен жүріп өтсе, оларға қалалықтар қошемет көрсетіп жатты. Шымкенттік марафоншыларды  Әл-Фараби алаңында да құрметпен қарсы алды. Велосайысшылардың жалпықалалық спорт фестивалі тап осы жерден басталды. Шымкенттің  саябақтары мен демалыс орындары үлкен спорт алаңына айналғандай. Барлық спорт мектептерінің тәрбиеленушілері өз өнерлерін  қала жұртшылығына ұсынды. 

 «Спорт - бұл динамика, бұл - қозғалыс. Елордамыз Астананың қалай жылдам дамып келе жатқанын көріп отырмыз. Осылайша біз Астанамен қатар бүкіл Қазқстанның да жылдам дамып келе жатқандығын атап өткіміз келді», - деді жұртшылықты құттықтаған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов.

Соңғы жаңалықтар