Астана күнінің мерекелік қуанышын ақтаулықтар да бөлісуде

АҚТАУ. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Бүгін Ақтаудағы «Астана» алаңында өтетін мерекелік концерт Астананың туған күніне арналып отыр,
None
None

 деп хабарлайды, ҚазАқпарат тілшісі.

 «Абай» атындағы мәдени демалыс кешені өнерпаздарының  ұйымдастыруымен кешкі уақытқа жоспарланып отырған мерекелік шарада облысқа танымал әншілер мен би топтары және үрмелі аспаптар, джаз ансамбльдері өнер көрсетеді. 

 «Астананың 10 жылдығына орай қаламызда «Астана» алаңы ашылған болатын. Содан бері біз жыл сайын Астана күнін осы алаңда қала тұрғындарымен және өзіміздің өнерпаздарымызбен бірге атап өтеміз», - дейді «Абай» мәдени демалыс кешенінің директоры Юрий Дирр.

 Концерттік бағдарламада елорданың тарихи тыныс-тіршілігіне  байланысты арнайы дайындалған сұрақтар бойынша конкурс өтеді. Конкурс жеңімпаздарына Астана күнінен естелік ретінде сыйлықтар берілмек.

Соңғы жаңалықтар