16:38, 24 Мамыр 2015 | GMT +5
«Астана» құрамасының велошабандозы Андреа Гуардини «World Ports Classic» бастапқы кезеңінің жеңімпазы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» командасының италиялық велошабандозы Андреа Гуардини «World Ports Classic» алғашқы кезеңінің жеңімпазы атанды, екінші орынға «Bretagne-Seche» командасындағы белоруссиялық Евгений Гутарович ие болса, үздік үштікті «Lotto Soudal» командасының өкілі бельгиялық Крис Букманс тұйықтады, деп хабарлады Sports.kz.

«Астана» құрамасының қалған велошабандоздары мәреге келесі көрсеткіштермен жетті: Лоуренс де Вриз - 33-о, Бахтияр Қожатаев - 41-о, Борут Божич - 63-о, Руслан Тілеубаев - 85-о, Мақсат Аязбаев - 108-о, Арман Қамышев - 110-о.
Көпкүндік веложарыс Голландия мен Бельгия жолдарында өтіп жатыр.