Астана-Лондон бағытындағы ұшақ күнсайын қатынамақ
«Ұлыбританияны Қазақстанмен жалғайтын мәртебелі әрі танымал рейстің күнделікті ұшуына қуаныштымыз. Лондон іскер адамдар үшін де, туристер үшін де үлкен мәнге ие бола түсуде. Сонымен қатар, бұл стратегиялық тұрғыда компания үшін тиімді жайтта орын алуда. Өйткені, біз ІРО-ға шығуды жоспарлаудамыз», - деді «Эйр Астана» компаниясының президенті Питер Фостер.
Бүгінгі күні әуе компаниясының Астана-Лондон бағытындағы ұшақтары сәрсенбі және жұма күндері ғана қатынамайды. Ал 1 маусымнан бастап КС 941 рейсі Астанадан сағат 14-35-те шығып, Лондонға 16-40-та жетеді. Ал КС 942 рейсі Лондоннан сағат 17-55-те ұшып шығып, Астанаға таңғы сағат 05-20-да келеді. Жұма күні КС 941 рейсі Астанадан 12:35-те шығып, Лондонда 14:45-те болады. Кері бағытта КС 942 рейсі Лондоннан 18:05-те шығып, Астанаға таңғы сағат 05:30-да жетеді (барлық рейс жергілікті уақытпен көрсетілген).
Лондонға Boeing 757 ұшағы қатынайтын болады. Билет құны 211682 теңгеден басталады.