Астана LRT-ның жылжымайтын мүлкі жалға беріледі — конкурс

АСТАНА. KAZINFORM — Елордада CTS компаниясы жылжымайтын мүлкін жалға беру бойынша ашық конкурс жариялады.

LRT
Фото: Астана әкімдігі

— Әкімшілік департаменті және тұрақ кеңістіктерін басқару департаменті «City Transportation Systems» ЖШС-нің жылжымайтын мүлкін жалға беру бойынша ашық конкурс жариялайды, — делінген хабарламада.

Мүлікті жалға алу мерзімі: 

— Жалға беру объектілерінің мерзімі тараптар объектіні қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күннен бастап 11 айды құрайды;
— Жылжымайтын мүлікті жалдау шарты бойынша міндеттемесін тиісінше орындаған жалдаушының жалға алу мерзімін ұзартуға құқығы бар;
— Жалға беруші жылжымайтын мүлікті жалдау шартының қолдану мерзімін ұзарту бастамасын көтеруге құқылы.

Жалдау ақысының бастапқы бағасы: 

— Бастапқы баға 1 шаршы метр үшін айына 10 000 теңге, қосылған құн салығын қоса алғанда;
— Конкурсқа қатысушы 1 шаршы метр үшін ұсынатын жалдау ақысының мөлшерін және жалпы соманы көрсетуге тиіс, сома қосылған құн салығын ескере отырып ұсынылуы қажет.

Конкурсқа қатысуға өтінім берудің шарты мен тәртібі: 

— Өтінім қабылдау 2025 жылғы 15 тамыз, Астана қаласы уақыты бойынша сағат 10.00-де басталады;
— Өтінім қабылдауды аяқтау күні 2025 жылғы 20 тамыз, Астана қ. уақыты бойынша сағат 10.00-ге дейін.
— Өтінімді қабылдау орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9, 2-қабат.

Конкурс ережесімен толығырақ «City Transportation systems» ЖШС ресми сайтынан танысу мүмкіндігі бар. 

Айта кетсек, бүгінде LRT негізгі желісінде рельстерді төсеу жұмысы аяқталды

Еске салайық, Астана LRT осы күзде тестілік сынақтан өтеді деп жоспарланып отыр. 

Соңғы жаңалықтар