Астана LRT-ның бұрынғы басшысына халықаралық іздеу жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –«Астана LRT» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында компанияның қазіргі басшысы Бекмырза Игенбердинов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Астана LRT» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті тарапынан қылмыстық іс қозғалды. Оны қамауға алу туралы өтінішхат жолданды», - деді Б. Игенбердинов.

Оның сөзіне қарағанда, Т. Арданға қатысты соттың сырттай шешімі шығарылған.

«Оған халықаралық іздеу жарияланды. Қазіргі кезде Интерпол осы мәселемен айналысып жатыр», - деп нақтылады ол.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыған дейін LRT құрылысы мәселесін біржола аяқтаудытапсырған болатын.

Соңғы жаңалықтар