Астана Махатма Гандидің құрметіне арналған Халықаралық жәбірлемеушілік күнін атап өтті

АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - Астанада Үндістанның Қазақстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Махатма Гандидің құрметіне арналған Халықаралық жәбірлемеушілік күні аталып өтті.
None
None

БҰҰ-ның  Бас Ассамблеясы Халықаралық жәбірлемеушілік күнін жәбірлемеу философиясының негізін қалаушы Махатма Гандидің туған күніне арнайы орайластырып қойған. Себебі оның қайраткерлігі әлемдік саяси бағытты төңкеріп тастаған болатын. Ағылшын отаршыларына қарсы күресте М.Ганди талай рет айдалып (1922-1924, 1930-1931, 1942-1944 ж.ж.), неше қайтара сотталып, абақтыларға отырғызылды. Отаршылардың бұл әрекеті күрескер азаматты жасыта алмады, қайта шыңдай түсті. Ағылшындарға "Үндістаннан тайып тұрыңдар!" деп алғаш ұран тастаған да М.Ганди болатын.

«Бүгін бүкіл үнді халқы Гандидің туған күнін ұлттық мереке ретінде атап өтуде. Біз сол мереке мен шаттықтың бір бөлігін Астанаға алып келдік», - дейді БҰҰ Бас хатшысының бұрынғы орынбасары, жазушы, публицист, Үндістан парламентінің мүшесі Шаши Тарур.   

«М.Ганди адам құқықтарының, теңдіктің, әділдіктің және тәуелсіздіктің билік құратынына иманындай сенді. Ол дүниежүзінің мықты философы болды. Ол өлсе де, артындағы өсиеті өлген жоқ. Америкада Мартин Лютер Кинг, Аргентинада Адольфо Перес, Гватемалада Ригоберта Менчу, Оңтүстік Африка елінде Нельсон Мандела оның пәлсапасын тұмар етті. М.Ганди өзінің сөздерімен әлемді бейбітшілікке, жақсылыққа бұруды үндеді және қазіргі уақытта оның идеяларын ұстанатындар бар, ол біздің жүрегімізде мәңгі қалады», - деп түйіндеді сөзін Ш.Тарур.  

Соңғы жаңалықтар