Астана маңындағы ұшақ апаты: тергеу басталды

АСТАНА. KAZINFORM – Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі Астанадағы ұшақ апатына байланысты тергеу басталғынан хабарлады. 

Астана маңындағы ұшақ апаты: тергеу басталды
Фото: tl-ultralight.cz

— Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы TL-2000 маркалы жеке жеңіл әуе кемесінің апатқа ұшырауы фактісі бойынша ҚК 344-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады, — делінген Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Апат салдарынан екі адам, ұшқыш пен жолаушы қаза тапты. Апаттың себептері анықталып жатыр.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды

Айта кетелік Астана маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза болған еді.

Соңғы жаңалықтар