Астана маңындағы су қоймалардың шомылуға қауіпті тұстары көрсетілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысында су қоймаларының анағұрлым қауіпті тұстары белгіленгенарнайы карта әзірленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Целиноград ауданының  прокуратурасы, әкімдігі және төтенше жағдайлар бөлімінің бастамасымен суға ағып кету оқиғалары болған жерлер аталмыш картаға енгізілді. Карта әкімдік сайтына орналастырылып, оның сілтемесі әлеуметтік желілер арқылы таратылуда. Бұл су қоймаларының қауіпті тұстары жөнінде демалушыларды хабардар етуге мүмкіндік беріп, қайғылы оқиғалардың  алдын алуға септігін тигізетін болады.

Атап өтілендей, суға шомылу маусымы басталғалы Ақмола облысы аумағында қайғылы оқиғалар саны артып, 11 адам қаза болды, оның 6-ауы - балалар. 

Соңғы жаңалықтар