Астана мәртебесін асқақтату үшін халықаралық шараларды тұрақты өткізу керек - Б.Сапарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана мәртебесін асқақтатуды жалғастыру үшін халықаралық шараларды тұрақты өткізіп тұру керек. Бүгін елорда әкімдігінде тұрғындардың әлеуметтік әлеуеті мәселесіне арналған кеңесте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев осылай мәлім етті.
None
None

«Мәдениет және спорт, Білім және ғылым министрліктері әкімдікпен бірлесе елорда мәртебесін асқақтату үшін бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттай отырып, халықаралық шараларды тұрақты түрде өткізу қажет»,- деді Б.Сапарбаев.

Осы орайда ол ұлтаралық, конфессияаралық ынтымақтастық бойынша шараларды өткізу бағытында үлгі болуы тиіс екенін атап өтті. Бұл тұрғыда Үкімет басшысының орынбасары Мәдениет және спорт министрлігіне елордада өңірлердің мәдени күндерін өткізу бойынша түзетулер енгізуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар