Астана мектептерінде 26 мыңнан астам орын тапшылығы бар

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елорда мектептерінде 26 мыңнан астам орын тапшылығы байқалады. Бұл мәселені шешу үшін 11 мектеп салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев айтып берді,

«Қазіргі таңда мектептерде 26 454 орын тапшылығы бар. Бүгінде орын тапшылығын жою мақсатында елордада 15 700 орынға арналған 11 мектептің құрылысы жүріп жатыр», - деді Қ. Сенғазыев Астана коммуникациялар орталығында өткен брифингте.

Сонымен қатар, Президент тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында алдағы екі жылда 24 ірі мектеп ашылады.

Бұл мектептерде 90 мыңға жуық оқушы екі ауысымда білім ала алады.

Бұған дейін спикер Астанадағы білім сапасының көрсеткіші 59,7% құрағанын айтқан еді.

Алдын ала болжам бойынша жаңа оқу жылында бала саны 255 мыңға жуық болады. Бірінші сыныпқа 27 мыңнан астам бала барады деп күтіліп отыр.


Соңғы жаңалықтар