11:45, 18 Ақпан 2019 | GMT +6
Астана мектептерінде екінші ауысымда сабақ болмайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада екінші ауысымдағы 0-9 сыныптар оқымайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«18 ақпан күні ауа райының колайсыздығына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды», - делінген Білім басқармасының мәліметінде.