22:05, 01 Ақпан 2024 | GMT +5
Астана мен 13 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Астана және еліміздің 13 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Астана қаласы, Ұлытау, Қостанай, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында бұрқасын болады, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Абай облысында боран соғып, жел күшейеді.
Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында көктайғақ болып, тұман түседі, Маңғыстау облысында көктайғақ, тұман болады.
Түркістан облысында қалың қар жауып, Жетісу облысының кей жерлерінде тұман түседі.