07:38, 11 Ақпан 2011 | GMT +5
Астана мен Ақмола облысында қар ұйтқып,боран соғады - Қазгидромет
АНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласы мен Ақмола облысында ауа-райының күрт бұзылуына байланысты ескерту жасалды,
деп хабарлайды Қазгидромет.
«Жұма, 11 ақпан күні Астана қаласы мен Ақмола облысында қарлы боран соғады, секундына 17-22 метр, кей жерлерде секундына 25 метр жылдамдықтағы жел соғады деп болжануда», - делінген хабарламада.