Астана мен Ақмола облысында өрт сөндірушілердің саны арттырылады - алқа мәжілісі

АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астана қаласында және Ақмола облысында өрт сөндірушілердің саны 371 адамға ұлғаятын болады.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР ТЖМ-ның алқа мәжілісінде ведомствоның Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Болат Омаров мәлім етті.

«Өткен жылы Щучинск-Бурабай щипажайы аумағында үш өрт сөндіру депосы, Астанада бір депо салынды. Аталмыш деполар базасында жаңа бөлімшелерді құру мақсатында Президент Әкімшілігі мен Қауіпсіздік кеңесі хатшылығымен қосымша штаттық құрам жасақтау туралы жұмыс жүргізілді», - деді Б.Омаров.

Оның сөзіне қарағанда, Ақмола облысы мен Астана қаласында өрт сөндірушілердің штат санын арттыру мәселесі Президент Әкімшілігі мен республикалық бюджеттік комиссиямен келісілді. Қаржыландыру 2011 жылдың екінші жартысында бөлінеді.

Онымен бірге республикалық бюджеттік комиссия Жамбыл, Алматы, Атырау облыстары мен Астанада төрт депо салуға 1 млрд. 396 млн. теңге бөлу ұсынысын қолдады.

Соңғы жаңалықтар