Екі қалада ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM - «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.
8 мамырда Астана және Алматы қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.