Астана мен Алматыда және тағы бес қалада ауа сапасы нашарлайды – Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

ауа сапасы, экология
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

26 маусымда Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Талдықорған, Алматы, түнде Көкшетау, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Еске сала кетсек, заңсыз қоқыс үйінділерімен күресу мақсатында Алматыда TazaQala платформасы іске қосылды

Ал жасанды интеллект Бурабайдағы төрт өрттің алдын алуға көмектескенін жаздық.