Астана мен Алматыдағы ғарыш орталықтары стратегиялық нысандар тізбесінен шығарылады

АСТАНА. KAZINFORM — Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі дайындаған Үкімет қаулысының жобасында айтылған.

ТүркПА делегацияларының басшылары Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығына барды
Фото: Мәжіліс

— Жоба «Ғарыштық ақпараттарды қабылдау орталығы (КАҚО) (Алматы қ.)» мен «Л. Н. Гумилев атындағы Ұлттық университеттің базасындағы ғарыштық мониторинг орталығын (ҒМО) (Астана қ.)» стратегиялық нысандар тізбесінен алып тастауға бағытталған. Бұл шешім аталған нысандардағы жабдықтардың толық физикалық және моралдық тұрғыдан тозуына байланысты қабылданып отыр, — деп жазылған құжаттың түсіндірмесінде.

Сондай-ақ, бұл екі нысан «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ балансынан да шығарылған.

Бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанның төртінші ғарышкерін орбитаға жіберу бастамаларына жауап қатқан болатын.

Соңғы жаңалықтар