Астана мен Алматыда және Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында 1 - 4 сынып оқушылары 100 пайыз тегін ыстық тамақтанумен қамтылған
АСТАНА. 26 тамыз. ҚазАқпарат - Барлығы 486 537 (47,4%) бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыру ескерілген. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің таратылған мәліметтерінде хабарланды.
«2011 - 2020 жылдарға арналған БДМБ-да «Тұрмысы нашар отбасылардан шыққан оқушыларды ыстық дәруменделген тегін тамақпен қамтамасыз ету (2012 жылы - 91%, 2013 жылы - 92%, 2014 жылы - 95%, 2015 жылы - 100%)» көрсеткіші қарастырылған. Қазіргі уақытта 6183 (84,9%) мектепте 1 929 785 (78,8%) балалар үшін ыстық тамақ беру ұйымдастырылған»,-делінген ведомство мәліметінде.
Мәселен, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласының тұрмысы нашар отбасыларынан шыққан оқушылар 100 пайыз тегін ыстық тамақпен қамтылған.
Әкімдіктерде бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандырумен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданған. Барлығы 486 537 (47,4%) бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыру ескерілген.
Астана және Алматы қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында 1 - 4 сынып оқушылары 100 пайыз тегін ыстық тамақтанумен қамтылған.